01
июнь
2021
«Бала құқығын қорғау»
1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала құқығын қорғау» тақырыбында 7сынып оқушыларымен түсіндіру жұмыстары өтті.
Түсіндіру жұмыстарының мақсаты:
Оқушылар арасында қудалаудың алдын алу, балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Түсіндіру жұмыстарына қатысқандар: Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Жумагалиева, педагог психолог Д.Қыдырбаева, әлеуметтік педагог А.Нұрлан
Түсіндіру жұмыстары санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізілді. Оқушыларға тақырыптық слайд көрсетіліп, сұрақтар қойылды. Педагог психолог оқушылар арасындағы буллингтің пайда болуы мен салдары туралы ақпарат бөлісті.
Оқушылар бала құқықтары туралы ақпараттың түсінікті болғанын айтып, кері байланыс берді.