"Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебі" КММ-де “ХХІ ғасыр көшбасшысы”
Мақсаты: Ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре отырып, оқушыларды жан-жақты болуға, білуге, үйренуге, жарыста жеңімпаз болуға, көшбасшылық қабілеттерін арттыра отырып, еңбекқор, адал, дарынды көшбасшы, жасампаз тұлғаларды тәрбиелеу. Семинарға Ескелді ауданының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Ұйымдастырушылар: тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұмағалиева Н.Б., психолог:Сағалбаева А.Е., педагог ұйымдастырушы: Бапанова М., СОЦ педагог: Турмаханова Ж., және сынып жетекшілер.