Қамқоршылық кеңес » « Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
сентябрь
2020

Қамқоршылық кеңес

Қамқоршылық кеңестің  отырысы
Хаттама 1
03.09.2020 оқу жылы
Қатысқандар:  Мектеп директоры Қ.Есдаулетов
                         Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары      Н.Жумагалиева
                         Қамқоршылық кеңесінің төрайымы:   Ш.Бектенова
                         Қамқоршылық кеңесінің мүшелері:    А.Тайжахметова
                                                                      Е. Қожантаев
                                                                      Б.Бегалиев
                                                                      Р.Бектуганова
                                                                      С.Қабылғазы
                                                                      А.Имамадиева
                                                                      А.Керимбеков
                                                                      Н.Манарбек

                                    Күн тәртібінде қаралатын мәселелер
1.    «Мектепке жол» акциясының өту барысы2.    Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын талқылау,бекіту3.    Оқытудың жаңартылған мазмұны «Күнделік»электронды мектеп журналдарын ұстау,критериалды бағалау жүйесі туралы,қосымша білім беру ерекшеліктері аясында ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы.
         1-мәселе бойынша  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Жумагалиева тыңдалды. «Мектепке жол»акциясы аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсету.Бұл акция жыл бойы жалғасады.Акция шеңберінде балаларды қажетті оқу құралдарымен,керек –жарақтарымен,киіммен қамтамасыз ету.
«Мектепке жол»акциясы бойынша Ж.Жақыпбаев ұстаздарының көмегімен 8 оқушыға  кеңсе тауарлары берілді (қалың дәптер,жай дәптер,қалам,өшіргіш,қарындаш,сызғыш,дәптер қабы,набор циркуль,пластилин,түрлі-түсті қарындаш). 1 оқушыға еңбек пәнінің мұғалімі Р.Есдаулетова сөмке және сабаққа қажетті оқу құралдармен қамтамасыз етті және 1 оқушыға спорттық киім алып берді. Сырымбет ауылының Қайсановтар отбасы,қазіргі төтенше жағдайға байланысты балалардың білім алуына атсалысып,мектебіміздің аз қамтылған Камашевтар отбасына «LG»теледидарын сыйға тартты.Қашықтықтан оқыту форматын ескере отырып,балалардың сапалы білім алуларына мүмкіндік береді деген үмітпен «Мектепке жол»акциясы бойынша Сырымбет ауылдық округінің әкімі А.Шаихов өз атынан ауылымыздың көпбалалы отбасынан шыққан 9 сынып оқушысы М.Нұрдаулетке Huawei Y5 маркалы ұялы телефонын табыстады. «Мектепке жол»акциясы аясында өткізілген шара бойынша АСП алатын ,әлеуметтік азқамтылған 9 отбасына тәрбиеленіп отырған 20 балаға сумка мен оқу құралдары берілді.
Мектептің қамқоршылар кеңесінің атынан 8 оқушыға сумка және кеңсе тауарлары берілді.    
   2-ші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің төрайымы Ш.Бектенова сөз алды. 
   2020-2021 оқу жылындағы Қамқоршылық кеңесінің жылдық жұмыс жоспарымен таныстырды. Қамқоршылық кеңестің мақсаттары-мектепке қолдау көрсету.Атап айтқанда,оның жарғылық функцияларының іске асырылуына,қаржылық қолдауды қамтамасыздандыруда,материалдық-техникалық базасының нығаюына септесу.Қамқоршылық кеңесі мектептің әлеуметтік-мәдени,сауықтыру,дамыту бағыттарындағы іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету.Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушыларға көмек көрсету.Түрлі деңгейдегі білім,өнер және спорттық жарыстарда жетістікке жеткен оқушыларды ынталандыру.
         3-мәселе бойынша оқу ісі жөніндегі орынбасары Р.Есдавлетова тыңдалды.
Санитарлық –эпидемиологиялық жағдайға байланысты ,коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Ж.Жақыпбаев орта мектебі қашықтықтан оқыту форматына көшірілді.Біздің ұстаздарымыз онлайн мектеп платформасымен оқушыларға білім береді,әртүрлі мессенджерлерді пайдалана отырып,қосымша ресурс ретінде қазақ тіліндегі «Балапан», «Еларна»телеарналарында телесабақтар көреді.
    Қашықтықтан оқыту процесі санитарлық –эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарын және оқу уақытын ұтымды пайдалануды ескере отырып, синхронды және асинхронды форматта өтуі мүмкін.Мұғалімдер сабақтарды ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларға сәйкес сабақтарын өткізеді.

                                                                           Шешімі:    
1 . «Мектепке жол» акциясы аясында атқарылған жұмыстар қанағаттанарлық деп танылсын.
2.Қамқоршылық кеңес жұмысын жандандыру
3.  Ата-аналар жиналысын өткізіп,жаңа форматтағы оқу жүйесін түсіндіруі тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Жумагалиеваға жүктелсін.

Похожие публикации:

29 сентябрь 2020 "Адалдық сағаты"
14 февраль 2018 ата-аналар
13 февраль 2018 ата-аналар
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив