27
октябрь
2023
7"А" сыныбында Білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының 1 - сабағы өткізілді.
7"А" сыныбында Білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының 1 - сабағы өткізілді. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Жумагалиева ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының сабақтарының өтілу барысы, нұсқаулығымен таныстыра келе отбасы мен мектептің әлеуметтік әріптестігін дамытуға бағытталғандығын түсіндіріп өтті. "Баланың бас ұстазы – ата-ана. Позитивті ата-ана болу: тыңдау, есту, өзін естірте білу" тақырыбында өткен бірінші сабақта ата - аналар Бағдаршам жаттығуы, топпен жұмыс жасады, жұппен жұмыста ата -ана және жасөспірім рөлінде талқылау жүргізді. "Ата-ана болу – өнер" екендігімен толық келісіп, сабақты аяқтадық. Жиналыс соңында 1 - тоқсан қорытындысы, оқушылардың сабақ үлгерімі және күзгі каникул уақытындағы қауіпсіздік ережелері айтылды. Сынып жетекшісі: Баясхан Л