04
апрель
2022
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жұмыс тәжірибесі өткізілді
Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жұмыс тәжірибесінде үздік педагогикалық идеяларды қолданатын, әдістемелік қызметті үйлестіруде шығармашылықпен жұмыс істейтін мектеп директорларының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларын анықтау мақсатында «Заманауи білім беру жүйесіндегі әдістемелік қызмет» тақырыбында облыстық педагогикалық оқулар болып өтті.Аталған пед.оқуларда мектебіміздің әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Жанталинова Жанар Бопановна ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Үздік нәтиже көрсеткен әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!