21
апрель
2023
Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналасы
Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектепте
2023 жылдың 20 сәуір күнгі жалпы мектепішілік ата-аналар жиналасының
хаттамасы.
Жиналысты жүргізетіндер:
-Мектеп директоры Қ.Есдаулетов,
-Тәрбие орынбасары,
-Мектеп психологы,Әлеуметтік педагог
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1. ОҚУ АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ АТА АНАЛАРҒА ЖОЛДАҒАН ҮНДЕУІ.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ОРЫН АЛЫП ЖАТҚАН КЕЛЕҢСІЗ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ
2.ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ТҮНГІ УАҚЫТТА ОЙЫН-САУЫҚ ОРЫНДАРЫНДА, КӨШЕДЕ ЗАҢДЫ ӨКІЛІНСІЗ ЖҮРУІ. САБАҚТАН КЕЙІНГІ УАҚЫТЫНЫҢ ДҰРЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ. БАЛА ӨМІРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ.
3.ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ.
ЖАЛПЫ ОҚУ ҚОРЫНАН СЫРТҚЫ ЛАГЕРЬГЕ БАРАТЫН ӘЛЕУМЕТТІК САНАТТАҒЫ БАЛАЛАР ТУРАЛЫ.
4. ПСИХОЛОГТЫҢ КЕҢЕСІ АТА АНАЛАРҒА/ ТРЕНИНГТЕР БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ. БУЛЛИНГ/КИБЕРБУЛЛИНГ Тыңдалды:
Сөз мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жумагалиева Нургул Буркитбаевнаға берілді. Өз сөзінде "ОҚУ АҒАРТУ МИНИСТРІ ҒАНИ БЕЙСЕМБАЕВТЫҢ АТА АНАЛАРҒА ЖОЛДАҒАН ҮНДЕУІН" таныстырды: Бүгін сіздермен елімізде кейінгі уақытта жасөспірімдер арасында болған резонансты оқиғалар бойынша жиналып отырмыз. Баршаңыз Қызылорда, Түркістан, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарындағы жағдайды естідіңіздер. Енді міне, Алматы облысында жантүршігерлік оқиға болды. Министрлік бұл жағдайды кейбір жасөспірімдер арасындағы шектен тыс зұлымдықтың, қатыгездікдің көрінісі деп есептейді. Мұндай оқиғалар ешбір жерде, ешбір уақытта болмауы тиіс, қайталанбауы қажет! Бұл жағдайға қатысты қылмыс жасағандар заң тәртібінде қатаң жауапкершілікке тартылуы керек! деп айтылғанын ата-аналарға жеткізді, ағарту жұмыстары жүргізілді.