ПЕДАГОГТЕР, БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ТАҒЫ 25%-ҒА ӨСТІ » « Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ПЕДАГОГТЕР, БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ТАҒЫ 25%-ҒА ӨСТІ
01
январь
2022

ПЕДАГОГТЕР, БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ТАҒЫ 25%-ҒА ӨСТІ

2022 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП МЕКТЕП ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ, БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ТАҒЫ 25%-ҒА ӨСТІ
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Президент Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша балабақша тәрбиешілерінің, мектептер мен колледждердің, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі педагогтерінің жалақысы тағы 25%-ға ұлғайды.
Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен педагогтердің жалақысы 2020 жылдың қаңтарында 25%-ға және 2021 жылдың қаңтарында тағы 25%-ға өскен болатын.Осылайша, мұғалімдердің жалақысы екі есе ұлғаяды.
💬«Біз мұғалімдердің жалақысын көтерудің сөзсіз оң әсерін көріп отырмыз. Біздің кәсібімізге –педагог кәсібіне қазіргі таңда үздіктер келеді. Педагогикалық мамандыққа түсетіндердің ҰБТ орташа балы айтарлықтай өсті және  «Алтын белгі» иегерлерінің саны бірнеше есеге көбейді. Мұғалімдердің еңбекақысын арттыру ел болашағына үлкен инвестиция болып табылады. Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап Президент Қ.К. Тоқаев тапсырғандай, барлық педагогтер жоғарыланған жалақы алатын болады. Сонымен қатар, жалақымен бірге мұғалімдер алатын қосымша төлемдер де артады. Бұл – біліктілік санаты үшін (лауазымдық жалақының 30%-нан 50%-на дейін), магистр дәрежесі үшін, ағылшын тілінде пәндерді жүргізгені, дәптерлер тексергені, сынып жетекшілігі және тәлімгерлік үшін төленетін үстемеақылар», – деп атап өтті бірінші вице-министр Шолпан Каринова.
Айта кетейік, педагогтердің жалақысы оқу жүктемесіне, білім деңгейіне, біліктілігінің, жұмыс өтілінің, магистр дәрежесінің болуына және басқа да қосымша ақыларға байланысты есептеледі.
Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылы магистрлік дәреже үшін үстемақы алушылар шеңбері кеңейтілді. Атап айтқанда, әдістемелік кабинеттердің әдіскерлеріне магистр дәрежесі үшін қосымша ақы белгіленді. Сондай-ақ, дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан тыс уақытта қосымша спорт секцияларын өткізгені үшін төлемдер қарастырылған.
Сонымен қатар, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында кітапханашылар, бухгалтерлер, зертханашылар және білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің жалақысы өсті. 2022 жылдың қаңтар айында олардың жалақысы орта есеппен алғанда 20%-ға артады

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив