Жас заңгер мектебі » « Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жас заңгер мектебі
18
ноябрь
2020

Жас заңгер мектебі

Қазақстан Республикасы ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы төмендегідей мамандандырулар бойынша "Құқық қорғау қызметі" мамандығы бойынша күндізгі оқыту нысаны бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқытады:
ІІО-дағы сотқа дейінгі тергеп-тексеру;
ІІО жедел-криминалистикалық қызметі (криминалистикалық, дактилоскопиялық, трасологиялық, баллистикалық зерттеу, суық қаруды зерттеу жүргізуге рұқсат алумен).
ОҚЫТУДАҒЫ АРТЫҚШЫЛЫҚТАР
- мемлекеттік тапсырыс негізінде қабылдау және оқыту. Тұрмысқа жайлы жатақханада тұру, стипендия алу, тамақпен, заттай жабдықталыммен қамтамасыз ету, күндізгі оқыту нысаны бойынша толық курсты бітіргендерге (оқыған кезеңі мерзімді әскери қызмет өткеруге теңестіріледі) каникулдық демалыс кезеңіне қалааралық автомобиль (таксиді қоспағанда), темiржол және су көлiгiмен тұрақты тұратын жеріне баруға және кейiн қайтуға жол жүру ақысы төленедi;
- түлектерді арнайы бөлуге сәйкес оларды қызметін өткеруге жіберумен жұмысқа орналастыру;
- оқу аяқталғаннан кейін бітірушілерге "құқық қорғау қызметі бакалавры" біліктілігі берілумен белгіленген үлгідегі диплом беріледі және Ішкі істер министрінің бұйрығымен "полиция лейтенанты" арнаулы атағы беріледі.
ОҚУҒА ТҮСУ ТӘРТІБІ
Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқуға орта бiлiмi бар, жасы он алтыға толған адамдар қабылдана алады.
ҰБТ тұрғылықты жері бойынша азаматтық оқу орындарының базасында 25 маусым мен 5 шілде аралығында өткізіледі. Талапкерлер ҰБТ тапсыру кезінде Қазақстан Республикасы БҒМ 2017 жылғы 2 мамырдағы №204 бұйрығымен бекітілген ҰБТ өткізу қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес кез келген нұсқада (шығармашылық емтиханнан басқа) екі бейінді пәнді өз бетінше таңдай алады.
Конкурсқа қатысу үшін ҰБТ бойынша кемінде 50 балл, оның ішінде әрбір бейіндік пән бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.
Құжаттар медициналық куәландыруға жолдама алу және қажетті құжаттарды ресімдеу үшін Академияның ресми интернет - ресурсы арқылы (kpa.gov.kz) "бакалавриат" онлайн сілтемесі бойынша түскен жылдың 10 шілдесіне дейін қабылданады.
Медициналық куәландырудан, арнайы тексерістен және ҰБТ сәтті өткен оқуға үміткерлер медициналық, дене бітімі және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу нәтижелері ескеріле отырып, ҰБТ қорытындысы бойынша сертификат балдарына сәйкес конкурсқа қатысу үшін Академияның оқу-далалық лагеріне шақырылады.


Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы жанындағы 8-11-сынып оқушыларының Заңтану және құқық саласында базалық білім алуына, сондай-ақ жастарды болашақ мамандық таңдауда бағдарлауға бағытталған "Жас заңгер мектебі" жұмыс істейді.
Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Сабақ Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 37 мекенжайы бойынша орналасқан "Достық" білім беру орталығының ғимаратында өткізіледі (412 кабинет). Қазақстан Республикасының ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының тәжірибелі оқытушыларының қатысуымен Қазақстанның басқа қалаларында тұратын балалар үшін "Skype" арқылы қашықтықтан оқыту мүмкіндігі бар.
Барлық қызықтыратын сұрақтарға 8-702-544-2067 телефоны бойынша жауап береміз. Біздің Instagram парақшамыз @the_school_of_young_lawyer_krg.

Похожие публикации:

29 сентябрь 2020 "Адалдық сағаты"
14 февраль 2018 ата-аналар
13 февраль 2018 ата-аналар
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив