ТВ-Видео » Страница 10 » « Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
"Жетісу облысы білім басқармасының
Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
"Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бүгін Ескелді ауданы "Ж.Жақыпбаев орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры А.Б Шокпаров азаматтармен жеке қабылдау өткізді. Қабылдау барысында қойылған сұрақтарға жауап беріліп, мамандарға тапсырма берілді.
02
февраль
2024
Бүгін Ескелді ауданы "Ж.Жақыпбаев орта мектебі" коммуналдық
Әр жұма 11:00-ден 12:00-ге дейін өзекті сұрақтарға жауап беру мақсатында азамат(ша)лармен жеке қабылдау өткізеді. #eskeldi_bilim
«Біздің сынып кітапханасы» тақырыбында видеоролик жасалды.
31
январь
2024
«Біздің сынып кітапханасы» тақырыбында видеоролик жасалды.
Мақсаты: Кітап-сарқылмас рухани қазына дей келе, білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру. Кітаптын адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқулықтарын күтіп ұстауға үйрету. Оқушылардың кітап болашақтың алтын кілті екенін түсіндіру. Кітапханашы: Манархан Мақпал #Біртұтас_тәрбие  #eskeldi_bilim
6"А" сынып оқушылары Жұматай Жақыпбаевтың туылған күніне орай, "Жұматай жыры, мәңгілік!" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді.
30
январь
2024
6"А" сынып оқушылары Жұматай Жақыпбаевтың туылған күніне орай,
Мақсаты: Оқушыларға қазақтың талантты ақыны Жұматай Жақыпбаевтың өмір жолын, өнерін, шығармашылық әлемін  жатқа  айта білуге тәрбиелеу. Поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншілігін арттыру. Сөз өнерінің ақсүйегі- өлеңнің киелі жаратылысын өмірмен, өлеңмен дәлелдеп кеткен ақын Жұматай Жақыпбаевтың 79 жылдығына арналған өлең жырларын  насихаттау.  Сынып жетекші: Джамбулова Н. #Біртұтас_тәрбие  #eskeldi_bilim
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Әбілхан Қастеевке 120 жыл толуына орай "Менің қиялым" тақырыбында бастауыш сынып оқушыларымен сурет көрмесі жасалды.
30
январь
2024
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында Әбілхан Қастеевке 120 жыл
Мақсаты: Оқушыларды қазақтың саңылақ суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білімдерін толықтырып, Суретшінің қыл қаламынан туған шығармаларын таныстыру. Ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік арқылы эстетикалық тәрбие беру.  Кітапханашы: Манархан Мақпал #Біртұтас_тәрбие  #eskeldi_bilim
9"А" сыныбында "Жыр алыбы-Жұматай" тақырыбында сынып сағаты өтілді.
29
январь
2024
9"А" сыныбында "Жыр алыбы-Жұматай" тақырыбында сынып сағаты өтілді.
Сынып сағатының мақсаты: Оқушыларға қазақтың талантты ақыны Жұматай Жақыпбаевтың өмірбаянын, өнерін, шығармашылық әлемін түсіндіру. Өлеңдерін оқушылар  жатқа айта білуге тәрбиелеу. Поэзия әлеміне, сөз өнеріне сүйіспеншілігін арттыру.  Сынып жетекшісі: Даутхан Р. #Біртұтас_тәрбие  #Ескелдіауданыныңбілімбөлімі
Елімізде орын алып жатқан төтенше оқиғаға байланысты Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебінде 26 қаңтар күні "Жер сілкінісі кезіндегі басшы құрамының оқушылар мен қызметшілердің іс-әрекеттері" тақырыбында сейсмикалық жаттығулар өткізілді.
26
январь
2024
Елімізде орын алып жатқан төтенше оқиғаға байланысты Ж.Жақыпбаев
Сейсмикалық жаттығуды бастамас бұрын төтенше жағдайлардың алдын алу шараларына жауапты маман АӘД пәні мұғалімі А.Нұрлан оқушыларға жер сілкінісі кезінде сақталу керек ережелерін айтып, түсінік жұмыстарын жүргізді. Азаматтық қорғанысының штаб бастығы Шокпаров А.Б. оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. #төтеншежағдай #Біртұтас_тәрбие #Ескелдіауданыныңбілімбөлімі
Бүгін Ескелді ауданы "Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры А.Б. Шокпаров азаматтармен жеке қабылдау өткізді.
26
январь
2024
Бүгін Ескелді ауданы "Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебі" коммуналдық
Қабылдау барысында қойылған сұрақтарға жауап беріліп, мамандарға тапсырма берілді.  Әр жұма 11:00-ден 12:00-ге дейін өзекті сұрақтарға жауап беру мақсатында азамат(ша)лармен жеке қабылдау өткізеді. #Ескелдіауданыныңбілімбөлімі