7"А" сыныбында "Қылмыс және отбасы" тақырыбында ата-ана сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларға қылмыс пен отбасының байланысы, қылмыстық істердің адам өміріне тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары туралы түсіндіру. Асетұлы Жанасылдың анасы Болат Мирагүл балалардың қылмыс жасамауы үшін отбасында қандай тәрбие беруі керек екендігін айтып өтті, артынан сынып жетекшісі қылмыстық әрекеттер, жазалану түрлері, қылмысқа итермелейтін себептер туралы айтып өтті. Бүгін уақытын бөліп келген ата-ана Мирагүл апайға сынып атынан рахмет айтамыз!!! Сынып жетекшісі: