16
ноябрь
2021
2021 жылдың 16 қараша күні Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебінде мектеп инспекторы С.М.Жумадилов ДТЖО Н.Жумагалиеваның қатысуымен 7-11 сынып оқушыларына жиын өткізілді
2021 жылдың 16 қараша күні Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебінде мектеп инспекторы С.М.Жумадилов ДТЖО Н.Жумагалиеваның қатысуымен 7-11 сынып оқушыларының құқықтық білімдері және заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру мақсатында, жасөспірімдерді қылмыстық әрекететтерден бойларын аулақ ұстауға шақырды.
Қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстырды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыс жасау бүгінгі қоғамның күн тәртібінен түспейтін түйткілді мәселе екендігі туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.
Жиналыс барысында қылмыстың алдын алу, баланың бұрыс жолға түспеуі, ата-ананың, мектеп пен мектеп инспекторларының бірлескен іс-қимылына байланысты екендігі туралы айтылып өтті.
Мектеп оқушылары арасында интернет сайттарында келеңсіз жағдайларды насихаттайтын топтарға кіретін балалар мен жасөспірімдерді анықтау мақсатында жүйелі түрде мониторинг жүргізіліп отырады. Мектепте оқушылар мен ата-аналар арасында тыйым салынған сайттарға кірмеу туралы ата-аналар жиналысы өткізіліп,әңгімелесулер жүргізілді.Мектеп оқушылар арасында тыйым салынған сайттарға тіркелген,анықталған оқушылар болған жоқ.
12Светлана Кальпебаева, Алия Калдыбекова и ещё 10