21
октябрь
2024
Жетісу облысы, Ескелді ауданы «Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебі» КММ-де 2024 жылдың 21 қазан күні АПҚО -ның жоспары бойынша «Салауатты тамақтану әдеттерін қалыптастыру» тақырыбында 1-4 сынып оқушыларының ата - аналарына арналған сабақ өткізілді.
Мақсаты: балалардың салауатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде ата-аналардың тамақтану мәдениетін қалыптастыру.
Сабақ барысында ата - аналар тамақтың маңыздылығы, баланың танымдық және эмоционалдық дағдыларын дамытудың негіздері, әдеп - ғұрыпты қалыптастыру алгоритмі, дұрыс тамақтану үшін қажетті жағдайлар жайлы ақпарат алып, білгендерін толықтырып, өз ойларын ортаға салды. Алған ақпаратты күнделікті пайдаланамыз деген ойда тарасты.
Сабақ өткізген: ДТІЖО Н.Жумагалиева, педагог-психолог Ж.Рысбекова, әлеуметтік педагог Ж.Турмаханова
@aibol_kassenov