03
октябрь
2024
8-11 сынып арасында "Қыз - болашақ ана" тақырыбында қыздар жиналысын өткізілді
"Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ДТІЖО Н.Жумагалиева, мектеп психологы Ж.Рысбекова, мектеп медбикесі М.Кармен және қыздар ұйымының жетекшілері А.Найзабекова, А.Артыкбаева 8-11 сынып арасында "Қыз - болашақ ана" тақырыбында қыздар жиналысын өткізді.
Мақсаты: Қыздарды ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, қыз баланы гигиеналық тазалықты дұрыс және күнделікті сақтауға үйрету; өз бойларын, ойын дөрекіліктен сақтандыру; қыздарды инабатты қыз болып өсуге баулу. Қыздар ұйымының жетекшілері А.Найзабекова, А.Артыкбаева қыздардың тәртібі, жеке бас гигиенасы, мектеп формасы туралы айта отырып, бейнефильм көрсетті.
ДТІЖО Н. Жумагалиева 2024-2025 жаңа оқу жылында қыздар ұйымының төрайымын сайлау керектігі жөнінде айтып, оған мектептен лайықты оқушыны таңдау керектігін айтып өтті.
Мектеп медбикесі М.Кармен «Жеке бас гигиенасы» туралы баяндама оқып, ақпараттар берді.
Осы тақырыптың негізінде мектеп психологі Ж.Рысбекова қыздардың мазалаған сұрақтары бойынша жауап беріп, пікірталас жүргізді. Оқушылардан кері байланыс болып, көптеген мәселелер қарастырылды.