23
сентябрь
2024
«Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Бала тәрбиесі – басты құндылық» бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді.
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Бала тәрбиесі – басты құндылық» бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді.
Бірыңғай тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды патриоттыққа, ұлттық тәрбие, құқықтық сауаттылыққа, тәртіпке, тұлға болып қалыптасуға, құндылықтарды білім, тәрбие, білік және дағды түрінде оқу-тәрбие процесінде ұйымдастыру.
Тәрбие сағатына ауданымыздың, ауылымыздың мақтаныштары ардақты ұстаз Шолпан Төлегенқызы Бектенова және Ескелді ауданының білім бөлімінің басшысы Мұрат Мұқтарұлы Бектуров шақырылды, келген қонақтарымыз оқушыларға өз еңбек жолдарын айтып, жақсы тілектерімен бөлісті.