17
январь
2024
Ж.Жақыпбаев атындаға орта мектебінде «Әкем және мен» көңілді эстафеталық ойын өтілді, ойынға 5-6 сынып оқушыларының әкелері қатысты.
Мақсаты: Әке мен баланы қатыстыра отырып, бұл сайыста баланы өмірде белсенді болуға, алға қойған мақсатты орындауға үйрету.
Қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамыту. Балаларды шапшаңдыққа, төзімділікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Ойын қорытындысы бойынша қатысқан отбасыларға мадақтамалар және сыйлықтар берілді. 1- орын Асидолда отбасы,2- орын Асхат отбасы,3- Абилдолда отбасылары жүлделі орындарды иеленді және қалған отбасыларға номинациялар берілді. Қатысқан әкелерге алғысымыз шексіз.
Ұйымдастырғандар: ДТІЖО Н.Жумагалиева, психолог А.Сагалбаева, әлеуметтік педагог Ж.Турмаханова, денешыңықтыру пән мұғалімі С.Тұрлыбаев, спорт және салауатты өмір фракциясына жауапты Ерқанат Асетұлы.