08
декабрь
2023
«Математика, физика және информатика» пәндер апталығының жоспарына сай 8 “А”, “Ә” сыныптары арасында “Я знаю всё” математикалық интеллектуалды сайысы өтті.
Оқушылар белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Сабақтың мақсаты:ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интеллектуалдық оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру. Оқушыларды оқығанын есте сақтай білуге, тиімді тәсілдерді тез таңдай білуге дағдыландыру. Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Жауапты математика пән мұғалімі: Джамбулова Н.