28
март
2022
7 «А», 7 «Ә» сынып оқушыларымен химия пәнінен «Кім шапшаң?» атты сайысы
7 «А», 7 «Ә» сынып оқушыларымен химия пәнінен «Кім шапшаң?» атты сайыс өтті. Мақсаты: Оқушылардың химия пәнінен алған білімдерін толықтырып, оны іс жүзіне шығармашылықпен қолдану дағдысын меңгерту. Оқушылардың танымдық қабілеттерінің деңгейін байқау, көзқарастарын қалыптастыру.
Сайыс 4 кезеңнен тұрды.
І. «Кім жүйрік?» Кестеде берілген элементтердің таңбасын жазып шығады.
Бос торкөздерді толтыру.
ІІ. «Кім тапқыр?» Берілген қосылыстардың салыстырмалы молекулалық массасын табу.
ІІІ. Кім жылдам?» Қиынды қағаздардың арасынан химиялық ыдыстарды аттарымен тауып жапсыру керек.
ІY. «Кім алғыр?» Осы уақытқа дейін өткен тақырыптардан сұрақтар беріледі, содан таңдап алған сұраққа жауап беру керек.
Сайыс соңында 7 «Ә» сыныбы өз білімдерін жақсы көрсетіп жүлделі І – орынды иеленді.
Пән мұғалімі: Баясхан Л