10
апрель
2026
Балаларға арналған "Sim kids" картасының әзірленуі.
Алматы қаласының прокуратурасы мен Tele2 және Altel мобильді операторы арасында жасалған ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде балалар мен жасөспірімдердің интернетте және нақты өмірде қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды құралы болуға уәде беретін өнімнің прототипін техникалық әзірлеу аяқталды.Алғашқы балалар SIM-картасы (прототипі) шығарылды, ол балаларды интернеттегі қауіптерден қорғаудың бүгінгі күні әзірленген функционалын біріктіреді.
Әзірленген прототип жас пайдаланушыларды цифрлық кеңістікте кездесетін көптеген қауіптерден қорғауға бағытталған бірнеше негізгі қызметтерді біріктіреді.
1. Мазмұнды белсенді түрде сүзетін, порнография, қылмыстық ресурстар, тыйым салынған препараттар (есірткі және т.б.) сияқты зиянды және қажетсіз материалдарды бұғаттайтын, сондай-ақ вирустардың орнатылуына жол бермейтін және фишингтік шабуылдардан қорғайтын “Қауіпсіз интернет” қызметі.
2. Жаңа өнімнің тағы бір маңызды құрамдас бөлігі-баланың нақты уақыттағы қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз ететін “Kid security” қызметі. Ол баланың орналасқан жерін бақылайды, танымал мессенджерлердегі чаттарды қарайды және қоршаған дыбыстарды талдайды. Мұндай функционалдылық балалардың іс-әрекетін бақылау деңгейін едәуір арттырады және ата-аналарға олардың қауіпсіздігіне сенімді болуға көмектеседі.
3. Сонымен қатар, өнімде дауыстық қоңырауларды жазу мүмкіндігі бар GSM желі. Бұл ата-аналарға қарым-қатынасты бақылауға мүмкіндік береді.