15
декабрь
2025
“Парасат”дебат клубының ұйымдастыруымен 9-10 сыныптар арасында ”Ұшқыр ой” алаңы аясында «Бірлік пен ынтымақ бар жерде әділеттілік орнайды» тақырыбында пікір-сайыс өткізілді.
Мақсаты:
– Қоғамдағы бірлік, ынтымақ және әділеттілік ұғымдарының өзара байланысын терең түсіндіру;
– Оқушылардың қоғамдық-әлеуметтік мәселелерге сыни көзқарасын қалыптастыру;
– Дәлелді сөйлеу, логикалық ойлау және пікірін еркін қорғау дағдыларын дамыту;
– Қарсы көзқарасты талдай отырып, толеранттылық пен пікір мәдениетін қалыптастыру;
– Азаматтық ұстанымын айқындап, әділдікке негізделген шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Жоба жетекшісі: Р.Даутхан