05
декабрь
2025
Өзін- өзі басқару ұйымының жоспарына сай 7-10 сынып оқушылары арасында "Нашақорлыққа жол жоқ" тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты:
- Оқушыларға нашақорлықтың адам өміріне тигізетін зиянын түсіндіру;
- Жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу;
- Есірткіден аулақ болуға шақыру;
- Жауапкершілік сезімін ояту және дұрыс таңдау жасауға үйрету;
- Көркем өнер арқылы оқушылардың ой-пікірін, көзқарасын білдіруге мүмкіндік беру.
Бұл көрме балалардың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыруға және зиянды әдеттерден сақтандыруға бағытталған.