26
апрель
2025
Біз біргеміз" эко сенбілігі
"Таза Қазақстан: Біз біргеміз" эко сенбілігі
"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында елімізде "Біз біргеміз" атты жалпыхалықтық эко сенбілік өткізіліп жатыр. Бұл бастама Қазақстан тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға, қалалар мен ауылдарды абаттандыруға және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған.
Сенбілік барысында келесі іс-шаралар ұйымдастырылады:
Қалдықтарды жинау және сұрыптау;
Ағаштар мен гүлдер арасын тазалау,ақтау;
Аулаларды, арық жағалауларын тазалау,
Мектеп ауласын тазалау.
"Біз біргеміз" ұраны бар бұл шара — қоғамның бірлігін, табиғатқа деген жауапкершілігін көрсетудің айқын үлгісі. Әрбір азаматтың белсенділігі мен қатысуы еліміздің экологиялық әл-ауқатын жақсартуға үлкен үлес қосамыз.