29
ноябрь
2024
"Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебі" коммуналдык мемлекеттік мекемесінің, 7-11 сыныптар арасында “Қыздар қандай болу керек” тақырыбында қыздар жиналысы өтілді.
Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту.
Жиналысқа мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы Болат Мирагүл,тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Жумагалиева, мектеп медбикесі М.Кармен қатысып, ұрпақ тәрбиесіне байланысты жауапкершілікті арттыру, сонымен қатар жыныстық қатынас туралы сөз қозғады. “СПИД”ауруы қалай жұғады? туралы түсініктеме беріліп, бейнеролик көрсетілді.
Қыздар ұйымының жетекшісі: А.Найзабекова,
А.Артыкбаева.
@aibol_kassenov


