24
октябрь
2024
Жетісу облысы, Ескелді ауданы, “Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебі” КММ-де АПҚО-ның жоспары бойынша “Бүкіл отбасы үшін пайдалы рацион” тақырыбында 5-9 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған сабақ өткізілді.
Мақсаты: Баланың салауатты өмір салтының шарты ретінде ата-аналардың теңдестірілген тамақтану мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
Міндеттері:
• ата-аналардың дұрыс тамақтануды отбасылық дәстүрге айналдыруға деген ұмтылысын тәрбиелеу;
• рационның баланың денсаулығы мен әл-ауқатына әсері туралы ата- аналардың түсініктерін кеңейту;
• ата-аналардың отбасында дұрыс тамақтануды ұйымдастыру дағдыларын игеруіне ықпал ету.
Сабақ өткізген: ДТІЖО Н.Жумагалиева, әлеуметтік педагог Ж.Турмаханова, педагог-психолог Ж.Рысбекова.
@aibol_kassenov