08
август
2024
Құрметті ата-аналар және оқушылар!
Білім және Ғылым министрінің 2016 жылдың 14 қаңтардағы 26 бұйрығы және ҚР Оқу-ағарту министрінің 07.08.2023 № 250 бұйрығы негізінде 2024-2025 жылғы Ж. Жақыпбаев атындағы орта мектеп оқушыларының мектеп формасына және сырт келбетіне қойылатын талаптар:
Форма қою көк түсті (темно синий) болуы тиіс
Ер балаларға арналған талап:
- пиджак немесе жилет;
- ақ жейде;
- шалбар;
- қара түсті туфли.
Қыз балаларға арналған талап:
- пиджак немесе жилет;
- ақ жейде;
- юбка (тым қысқа және француз стильдегі ұзындық болмайды
);
- сарафан.
- қара түсті туфли.
- Оқушы мектепке ұқыпты, таза келуі;
- ер балалардың шашы классикалық үлгіде алынуы тиіс, шашын өсіруге, бояуға тыйым салынады
.
- қыз балалар шашын жинап, өріп келуі тиіс, шашын жаюға, бояуға, тырнақ өсіруге және хиджаб киюіне тыйым салынады
.