05
март
2024
Мектеп ұжымынын педагогтерімен АТТЕСТАТТАУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТАЛҚЫЛАУ мақсатында жиын өткізді.
"Ж.Жақыпбаев атындағы орта мектебі" КММ-нің директоры А.Б.Шокпаров және мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жанталинова мектеп ұжымынын педагогтерімен АТТЕСТАТТАУ ҚАҒИДАЛАРЫНА ЕНГЕН ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТАЛҚЫЛАУ мақсатында жиын өткізді.
Өзгерістер Жобасына сәйкес ПББ (педагог білімін бағалау) тапсыру тәртібі:
1) барлық лауазымдағы педагогтер үшін:
«педагог-модератор» біліктілік санаты – 60%;
«педагог-сарапшы» біліктілік санаты – 70 %;
«педагог-зерттеуші» біліктілік санаты – 80%;
«педагог-шебер» біліктілік санаты – 90 %;
2) бiлiм беру ұйымдарының (әдiстемелiк кабинеттердiң/орталықтардың) бiрiншi басшыларына, басшының орынбасарларына, әдiстемелiк кабинеттердiң (орталықтардың) әдіскерлерiне - 70 %.


