08
январь
2024
7 "А" сыныбында «Біздің қоғамдағы азаматтық жауапкершілік» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Мақсаты:Оқушыларды ізеттілікке, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және өз ойын мәдени түрде жеткізуге, білуге үйрету. Сынып сағатында балалар 3 - топқа бөлініп жұмыс жасады. 1-топ: «Әдепті бала –арлы бала» Эссе жазу. 2- топқа: Театрда, мұражайға барғанда... Ереже құрастыру. 3-топқа: Тақырыпқа байланысты өлең құрастырып шығу.
Сынып жетекшісі: Баясхан Л.
Біздің қоғам адалдықты сүйеді,
Отан үшін отқа да күйеді.
Адал адам өз міндетін біледі,
Біздің қоғам азаматтарды сүйеді.
Азаматтар жауапкершілікті біледі,
Біздің ел өз міндетін біледі.
Қасиетті азаматтар барында,
Бұл елім мәңгі гүлденіп жүреді.
Жазған: Асетұлы Жанасыл
Асқарұлы Елжан
Жеңісұлы Ерасыл
Ержанқызы Айым







