01
январь
2022
ПЕДАГОГТЕР, БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ТАҒЫ 25%-ҒА ӨСТІ
2022 ЖЫЛДЫҢ 1 ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП МЕКТЕП ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГТЕРІНІҢ, БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ТАҒЫ 25%-ҒА ӨСТІ
2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Президент Қ. К. Тоқаевтың тапсырмасы бойынша балабақша тәрбиешілерінің, мектептер мен колледждердің, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесі педагогтерінің жалақысы тағы 25%-ға ұлғайды.
Естеріңізге сала кетсек, Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен педагогтердің жалақысы 2020 жылдың қаңтарында 25%-ға және 2021 жылдың қаңтарында тағы 25%-ға өскен болатын.Осылайша, мұғалімдердің жалақысы екі есе ұлғаяды.
Айта кетейік, педагогтердің жалақысы оқу жүктемесіне, білім деңгейіне, біліктілігінің, жұмыс өтілінің, магистр дәрежесінің болуына және басқа да қосымша ақыларға байланысты есептеледі.
Естеріңізге сала кетсек, 2021 жылы магистрлік дәреже үшін үстемақы алушылар шеңбері кеңейтілді. Атап айтқанда, әдістемелік кабинеттердің әдіскерлеріне магистр дәрежесі үшін қосымша ақы белгіленді. Сондай-ақ, дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан тыс уақытта қосымша спорт секцияларын өткізгені үшін төлемдер қарастырылған.
Сонымен қатар, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында кітапханашылар, бухгалтерлер, зертханашылар және білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің жалақысы өсті. 2022 жылдың қаңтар айында олардың жалақысы орта есеппен алғанда 20%-ға артады