31
декабрь
2023
Аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес 2023 жылдың 31 желтоқсан күні кешкі сағат 20.00-ден 23.00-ге дейін түнгі рейдке директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұмағалиева Н.Б, пән мұғалімдері Райс Е, Молдыбаева А.М. шықты.
Рейд барысында оқушылар жастар көп шоғырланатын орындар мен спорттық алаң, мектеп стадиондарын және қараусыз бос тұрған мекемелерді қамтып, рейд кезінде кездескен оқушыларға түнгі уақыттағы көше тәртібі, құқықбұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік ережелерін, кәмелеттік жасқа толмаған жастар түнгі уақытта көшеде жүрмеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-ананың бақылауынсыз бей берекет жүрген және тәртіп бұзған оқушылар анықталмады.