23
май
2022
Ескелді ауданында аудан әкімінің және білім бөлімінің ұйымдастыруымен Балалар жылына арналған «Ескелді дарыны-2022» атты ауданның дарынды оқушыларын және ата-аналарын марапаттау іс-шарасы өткізілді.
Ескелді ауданында аудан әкімінің және білім бөлімінің ұйымдастыруымен Балалар жылына арналған «Ескелді дарыны-2022» атты ауданның дарынды оқушыларын және ата-аналарын марапаттау іс-шарасы өткізілді. Ауқымды іс-шарада 2021-2022 оқу жылы облыстық, республикалық дәрежеде әр сала бойынша («Елбасы медалінің» қола жүлдегерлері, тәрбие саласы бойынша әр түрлі байқаулардың, пәндер олимпиадаларының, спорттық жарыстардың жеңімпаздары және т.б.) үздік жетістіктер көрсеткен үшін 123 оқушы ата-аналарымен аудан әкімінің Алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды. Марапаттау 3 номинация бойынша жүргізілді:
- «Сегіз қырлы, бір сырлы» номинациясы бойынша оқушылар мен ата-аналарды аудан әкімі Р.Али және ауданның бас прокуроры Қ.Шойбеков марапаттады;
- «Жас зияткерлер» номинациясы бойынша марапаттауды Алматы облыстық «Жетісу дарыны» орталығының директоры А.Башаров және директорының орынбасары С.Жумагельдина жүргізді;
- «Жас чемпиондар» номинация бойынша ата-аналар мен оқушыларды дзюдо күресінің Қазақстанның 3 дүркін чемпионы, Азия біршілігінің 2 дүркін чемпионы және қазақ күресінен Қазақстан Барысының тұңғыш чемпионы Ұлан Рысқұл және каратэ күресінен Әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионы Суюнов Мерей Иембергенович марапаттады. Іс-шара барысында қонақтарға арнайы дайындалған концерттік бағдарлама ұсынылды.
Мектебіміздің марапат иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!
Оқушыларымыз әр түрлі сала бойынша үздік болып, биік белестерге жете беруін тілейміз!